Пятница, 09 Октября 2026

Қазақстанның конституциялық жаңғыруы: құқық үстемдігі мен демократиялық дамудың жаңа кезеңі

Қазақстанның конституциялық жаңғыруы: құқық үстемдігі мен демократиялық дамудың жаңа кезеңі

Ұсынылып отырған конституциялық реформалар Қазақстанның саяси-құқықтық дамуының жаңа кезеңін айқындайтын маңызды қадам болып отыр. Ата заңның 84 пайызына енгізілетін өзгерістер Конституцияны жай ғана жаңарту емес, оның мазмұндық және институционалдық тұрғыдан терең жаңғыруын білдіреді. Бұл реформалардың басты ерекшелігі – олардың қоғам сұранысына, азаматтар мен саяси партиялардың, сарапшылардың ұсыныстарына сүйене отырып жүзеге асырылуында.
Конституциялық өзгерістер адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау кепілдіктерін күшейтуге, құқық үстемдігін қамтамасыз етуге бағытталған. Мемлекеттік басқару жүйесі Президенттік басқару нысанын сақтай отырып, заман талабына сай жетілдірілмек. Бір палаталы Парламент моделінің енгізілуі, азаматтардың мемлекеттік басқаруға қатысу мүмкіндіктерінің кеңеюі, сондай-ақ Конституциялық соттың рөлінің артуы – осы реформалардың демократиялық сипатын айқын көрсетеді.
Сонымен қатар, Конституция нормаларының құқықтық және тілдік тұрғыда нақты әрі түсінікті пысықталуы құқық қолдану тәжірибесіндегі қайшылықтардың алдын алуға мүмкіндік береді. Бұл мемлекет пен қоғам арасындағы сенімді нығайтып, азаматтық қоғам институттарының ел дамуына белсенді араласуына жол ашады. Жалпы алғанда, ұсынылып отырған конституциялық реформалар Қазақстанның құқықтық, демократиялық және әділетті мемлекет ретінде орнықты дамуына берік негіз қалайды.

Қоғамдық пікір көсбасшысы 
Азимбаева Бакытгул

Другие новости

Право на чистый берег

Право на чистый берег

Стихийная свалка в овраге, грузовики, которые прие...

  09.10.2026   50
На шаг впереди преступления

На шаг впереди преступления

В Алматинской области усиливается работа по предуп...

  09.10.2026   92
Алматы облысында жылына 400 тонна балық өндіретін кәсіпорын ашылды

Алматы облысында жылына 400 тонна балық өндіретін кәсіпорын ашылды

Алматы облысының Іле ауданында жылына 400 тонна ба...

  08.10.2026   147
В Алматинской области открыли предприятие по производству 400 тонн рыбы в год

В Алматинской области открыли предприятие по производству 400 тонн рыбы в год

В Илийском районе Алматинской области запущено пре...

  08.10.2026   162
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.