Пятница, 09 Октября 2026

Конституциялық реформа: Қазақстан азаматтарының заңнамалық бастамалар мүмкіндігі 2 есеге жуық артады

Конституциялық реформа: Қазақстан азаматтарының заңнамалық бастамалар мүмкіндігі 2 есеге жуық артады

Мәжіліс депутаты Айдос Сарым жаңа бірпалаталы Парламент – Құрылтайды қалыптастыруда пропорционалдық жүйесін қолдайтынын айтты. Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның бесінші отырысында бұл жүйенің нақты артықшылықтарын да атап өтті. 
Ол ҚР жаңа Конституциясының жобасына сәйкес болашақ Құрылтай бірыңғай жалпыұлттық сайлау округінің аумағы бойынша пропорционалдық өкілдік жүйе бойынша құрылатынын айтты.
«Партиялық-пропорционалдық жүйеге көшу азаматтарымыздың мүмкіндігін азайтады, оларды еліміздің жоғарғы заң шығарушы органына сайлану құқығынан айырады деген пікірлер бар. Менің ойымша, бұл өте жаңсақ пікір, қате түсінік», - деді Айдос Сарым. 
Ол қазіргі уақытта Бельгия, Испания, Финляндия, Швейцария, Болгария, Швеция, Норвегия, Нидерланды сияқты Еуропа елдерінде партиялық-пропорционалдық сайлау жүйесі жұмыс жасап жатқаны, сондай-ақ  мұндай жүйенің Аргентина, Бразилия, Боливия, Эквадор, Израиль және Индонезияда да қолданылатыны жөнінде мәлімет берді. 
«Бұл елдердің сайлаушылары, заң шығарушылары мен заңгерлері осы жүйе азаматтарының сайлау немесе сайлану құқығын қандай да бір түрде кемсітеді деп санамайды. Бұл қалыпты, салауатты халықаралық тәжірибе», - деп түсіндірді депутат.
Айдос Сарым сарапшылар атап өткен пропорционалдық жүйенің мажоритарлық жүйемен салыстырғандағы нақты артықшылықтарын санамалап берді: 
– әділет факторы – партиялар сайлаушылар олар үшін қанша дауыс берсе, Парламентте сонша орын алады. Мажоритарлық депутаттар жұмыс істеп тұрған фракцияларға қосылу арқылы халықтың қалауын бұрмалай алмайды; 
– қатысу факторы – жүйе әртүрлі азшылықтардың, соның ішінде жастар, әйелдер және ерекше қажеттіліктері бар азаматтардың біркелкі өкілдігін қамтамасыз етеді; 
- идеология факторы – әр сайлау циклінде азаматтардың партиялық қалауы туралы нақты белгілер бар; 
- көппартиялылық факторы – қоғам елдегі және өңірлердегі идеялық және саяси бәсекелестікті күшейтуге мүмкіндік алады; 
- орнықтылық факторы – жүйе диалогқа, ымыраға келу және келісу жолдарын іздеуге ықпал етеді; 
- келу факторы – жүйе азаматтардың сайлауға белсенді қатысуына ықпал етеді, өйткені өкілдік нақты қолдауды анық көрсетеді.
Сонымен қатар Айдос Сарым Халық кеңесі ішкі саяси тұрақтылықтың тағы бір тірегіне айналатынын, құрамына азаматтық қоғамның кең спектрін және ірі ҮЕҰ тартатын орган болатынын атап өтті. 
«Кеңес әлеуметтік белсенді азаматтарға шешім қабылдау процесіне заңды және ашық түрде қатысуға, Құрылтайдың депутаты болмай-ақ өз идеялары мен бастамаларын іске асыруға мүмкіндік береді», - деді депутат. 
Айдос Сарымның пікірінше, болашақта Халық кеңесі саясаткерлер – болашақ Парламент депутаттары үшін алаң және жоғары көтерілу  серпіні бола алады. 
«Шын мәнінде, халық өкілдерінің заңнамалық бастамалары мен ұсыныстарының мүмкіндігі екі есеге жуық артады. Бұл азаматтардың мемлекетті басқаруға қатысуының айқын көрінісі", - деп атап өтті депутат.

Другие новости

Право на чистый берег

Право на чистый берег

Стихийная свалка в овраге, грузовики, которые прие...

  09.10.2026   63
На шаг впереди преступления

На шаг впереди преступления

В Алматинской области усиливается работа по предуп...

  09.10.2026   109
Алматы облысында жылына 400 тонна балық өндіретін кәсіпорын ашылды

Алматы облысында жылына 400 тонна балық өндіретін кәсіпорын ашылды

Алматы облысының Іле ауданында жылына 400 тонна ба...

  08.10.2026   147
В Алматинской области открыли предприятие по производству 400 тонн рыбы в год

В Алматинской области открыли предприятие по производству 400 тонн рыбы в год

В Илийском районе Алматинской области запущено пре...

  08.10.2026   162
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.