Четверг, 26 Февраля 2026

ҰСТАЗДАР ПРЕЗИДЕНТ БАСТАМАЛАРЫН ҚОЛДАЙДЫ

ҰСТАЗДАР ПРЕЗИДЕНТ БАСТАМАЛАРЫН ҚОЛДАЙДЫ

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» коалициясының мүшелері Алатау қаласы Жаңаарна ықшам ауданындағы №9 орта мектептің педагогикалық ұжымымен кездесіп, 15 наурызда өтетін республикалық референдумға шығарылған жаңа Конституция жобасының негізгі ережелерін талқылады.

Кездесу барысында коалиция мүшелері жаңа редакцияда Президент бір реттік жеті жылдық мерзімге сайланатынын және қайта сайлану құқығына ие болмайтынын, өкілеттік кезеңінде саяси партия мүшесі бола алмайтынын атап өтті. Сонымен қатар жақын туыстарының саяси мемлекеттік қызметтерді атқара алмауы биліктің шоғырлануына жол бермейтін құқықтық тосқауыл екені түсіндірілді.

«Жаңа Конституция жобасының басты мақсаты – билікті жеке тұлғаға бейімдеу емес, оны институционалдық тұрғыдан шектеу. Бір реттік жеті жылдық мерзім өзгертілмейтін қағида ретінде бекітіледі. Бұл – биліктің “нөлденуіне” емес, тұрақтылық пен әділеттілікке бағытталған нақты құқықтық шешім. Сонымен қатар, кадрлық шешімдерді Құрылтай келісімімен қабылдау тетігі енгізіліп отыр. Бұл – тепе-теңдік пен жауапкершілік моделінің негізі», – деді коалиция мүшесі Роза Абилова.

Другие новости

КОАЛИЦИЯ МҮШЕЛЕРІ «МАРЕВЕН ФУД ТЯНЬ-ШАНЬ» ЖШС ЕҢБЕК ҰЖЫМЫМЕН КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫН ТАЛҚЫЛАДЫ

КОАЛИЦИЯ МҮШЕЛЕРІ «МАРЕВЕН ФУД ТЯНЬ-ШАНЬ» ЖШС ЕҢБЕК ҰЖЫМЫМЕН КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫН ТАЛҚЫЛАДЫ

Алатау қаласы Арна ықшам ауданында «Әділетті және...

  26.02.2026   75
КОАЛИЦИЯ МҮШЕЛЕРІ №10 ОРТА МЕКТЕП ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

КОАЛИЦИЯ МҮШЕЛЕРІ №10 ОРТА МЕКТЕП ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық...

  26.02.2026   64
ҰСТАЗДАР ПРЕЗИДЕНТ БАСТАМАЛАРЫН ҚОЛДАЙДЫ

ҰСТАЗДАР ПРЕЗИДЕНТ БАСТАМАЛАРЫН ҚОЛДАЙДЫ

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық...

  26.02.2026   61
КОАЛИЦИЯ МҮШЕЛЕРІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТРАВМАТОЛОГИЯ ЖӘНЕ ОРТОПЕДИЯ ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҒЫ ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

КОАЛИЦИЯ МҮШЕЛЕРІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТРАВМАТОЛОГИЯ ЖӘНЕ ОРТОПЕДИЯ ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҒЫ ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық...

  26.02.2026   84
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.