Четверг, 26 Февраля 2026

КОАЛИЦИЯ МҮШЕЛЕРІ «МАРЕВЕН ФУД ТЯНЬ-ШАНЬ» ЖШС ЕҢБЕК ҰЖЫМЫМЕН КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫН ТАЛҚЫЛАДЫ

КОАЛИЦИЯ МҮШЕЛЕРІ «МАРЕВЕН ФУД ТЯНЬ-ШАНЬ» ЖШС ЕҢБЕК ҰЖЫМЫМЕН КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫН ТАЛҚЫЛАДЫ

Алатау қаласы Арна ықшам ауданында «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» коалициясы мүшелерінің қатысуымен кезекті кездесу ұйымдастырылды. Бұл жолы жұмысшы топ Rollton, Big Bon, Sunbel өнімдерін өндіретін ірі халықаралық компания ««Маревен Фуд Тянь-Шань» мекемесіне барып, ұжыммен жүздесті.

Басқосу барысында Конституцияның жаңа жобасы таныстырылып, референдумның ел болашағы үшін маңызы кеңінен түсіндірілді. Жұмысшы топ өкілдері ұсынылып отырған өзгерістердің мемлекеттік басқару жүйесін жаңғыртуға, азаматтардың құқықтық қорғалуын күшейтуге және әлеуметтік кепілдіктерді нығайтуға бағытталғанын атап өтті.

Роза Абилова  өз сөзінде Конституциялық реформалардың стратегиялық маңызын ерекше атап өтті.
«Бұл өзгерістер – елдің ұзақ мерзімді дамуына негіз болатын қадамдар. Жаңа нормалар басқару тиімділігін арттырып қана қоймай, қоғам мен мемлекет арасындағы жауапкершілікті нақтылай түседі. Әр азаматтың дауысы естілуі тиіс», – деді.

Ал Алматы облыстық «Respublica» партиясы төрағасы Ержан Дуйсекенов еңбек ұжымдарының пікірін тыңдаудың маңыздылығына тоқталды.
«Кәсіпорындар – экономиканың тірегі. Сондықтан өндіріс саласында еңбек етіп жүрген азаматтардың көзқарасы біз үшін маңызды. Конституциялық өзгерістердің мәнін түсініп, белсенділік таныту – ортақ болашағымызға қосқан үлес», – деді.

Кездесу барысында ұжым мүшелері өз сұрақтарын қойып, ұсыныс-пікірлерін білдірді. Ашық форматта өткен жиын қатысушылардың Конституциялық өзгерістерге қатысты түсінігін арттырып, референдумға саналы түрде қатысуға шақырды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай кездесулер алдағы уақытта да қаладағы түрлі еңбек ұжымдарында жалғасын табады.

Другие новости

КОАЛИЦИЯ МҮШЕЛЕРІ «МАРЕВЕН ФУД ТЯНЬ-ШАНЬ» ЖШС ЕҢБЕК ҰЖЫМЫМЕН КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫН ТАЛҚЫЛАДЫ

КОАЛИЦИЯ МҮШЕЛЕРІ «МАРЕВЕН ФУД ТЯНЬ-ШАНЬ» ЖШС ЕҢБЕК ҰЖЫМЫМЕН КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫН ТАЛҚЫЛАДЫ

Алатау қаласы Арна ықшам ауданында «Әділетті және...

  26.02.2026   76
КОАЛИЦИЯ МҮШЕЛЕРІ №10 ОРТА МЕКТЕП ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

КОАЛИЦИЯ МҮШЕЛЕРІ №10 ОРТА МЕКТЕП ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық...

  26.02.2026   64
ҰСТАЗДАР ПРЕЗИДЕНТ БАСТАМАЛАРЫН ҚОЛДАЙДЫ

ҰСТАЗДАР ПРЕЗИДЕНТ БАСТАМАЛАРЫН ҚОЛДАЙДЫ

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық...

  26.02.2026   61
КОАЛИЦИЯ МҮШЕЛЕРІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТРАВМАТОЛОГИЯ ЖӘНЕ ОРТОПЕДИЯ ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҒЫ ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

КОАЛИЦИЯ МҮШЕЛЕРІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТРАВМАТОЛОГИЯ ЖӘНЕ ОРТОПЕДИЯ ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҒЫ ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық...

  26.02.2026   84
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.