Четверг, 08 Октября 2026

Ел болашағы- әр азаматтың саналы таңдауында

Ел болашағы-  әр азаматтың саналы таңдауында

Қазақстанның жарқын болашағы - ел азаматтарының белсенділігіне, саналы ұстанымына және мемлекет дамуына деген жауапкершілігіне тікелей байланысты деп есептеймін. Мен үшін әр азаматтың өз ойын еркін білдіріп, қоғам мен мемлекет өміріне бейжай қарамай, өз көзқарасын ашық жеткізуі - дамыған елдің маңызды көрсеткіштерінің бірі.
Бүгінде еліміздің алдында ауқымды міндеттер тұр. Тұрақтылық пен қоғамдық келісімді сақтау, білім мен ғылымды дамыту, өскелең ұрпаққа сапалы тәрбие мен білім беру, жастардың білім алып, еңбек етуіне жағдай жасау - баршамызға ортақ жауапкершілік. Себебі елдің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың білімі мен тәрбиесіне байланысты.
2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау өтеді. Бұл - еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды оқиға. Сайлау - әр азаматтың өз таңдауын білдіріп, мемлекетіміздің болашағына қатысты азаматтық ұстанымын танытатын мүмкіндік.
Елдің дамуы тек мемлекеттік органдардың немесе жекелеген азаматтардың ғана міндеті емес. Қоғамның әр мүшесі өзінің жауапкершілігін сезініп, мемлекет өміріне белсенді араласқанда ғана нақты нәтижеге қол жеткізе аламыз. Өз таңдауын жасау, ел болашағына қатысты мәселелерге немқұрайлы қарамау - азаматтық жауапкершіліктің көрінісі.
Сондықтан алдағы сайлауда әр азамат өз таңдауын ойланып, ел мүддесін басшылыққа ала отырып жасағаны жөн. Өйткені мемлекеттің болашағы - тек билікке немесе белгілі бір институттарға ғана емес, қоғамның әр мүшесінің белсенділігі мен азаматтық ұстанымына байланысты.
Мен өз таңдауымды жасаймын. Себебі Қазақстанның ертеңі - бүгінгі саналы шешімдерімізге байланысты.
23 тамызда сайлауға қатысып, өз азаматтық ұстанымымызды білдірейік. Ел болашағын бірге қалыптастырайық!

«Алматы облыстық халық шығармашылығы орталығы»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының директоры
Атаев Олжас Асилханович

Другие новости

Финансовая основа государства

Финансовая основа государства

Новая Конституция закрепляет национальную валюту Р...

  08.10.2026   105
Конституция о защите Родины

Конституция о защите Родины

Конституция называет защиту Республики Казахстан с...

  08.10.2026   97
Омбудсмен в новой Конституции

Омбудсмен в новой Конституции

Новая Конституция закрепляет место уполномоченного...

  08.10.2026   101
Образование, труд и участие

Образование, труд и участие

Новая Конституция напрямую касается молодых казахс...

  08.10.2026   88
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.