Четверг, 08 Октября 2026

Құрылтай сайлауы - ел болашағына ортақ жауапкершілік

Құрылтай сайлауы - ел болашағына ортақ жауапкершілік

2026 жылғы 23 тамызда Қазақстанда Құрылтай депутаттарының сайлауы өтеді. Бұл елдің қоғамдық өміріндегі маңызды саяси үдерістердің бірі. Сайлау арқылы азаматтар өз ұстанымын білдіріп, елдің дамуына үлес қосатын өкілдерді таңдауға мүмкіндік алады.

Қоғамның тұрақты дамуы халықтың белсенді азаматтық ұстанымына тікелей байланысты. Әрбір сайлаушының таңдауы елдегі қоғамдық бастамалардың қалыптасуына, азаматтардың мүддесін білдіретін мәселелердің көтерілуіне ықпал етеді. Сондықтан сайлауға қатысу азаматтың өз құқығын жүзеге асыруымен қатар, мемлекет болашағына деген жауапкершілігін де көрсетеді.

Құрылтай жұмысының маңызды бағыттарының бірі қоғам үшін өзекті мәселелерді талқылап, ел дамуына қатысты ұсыныстарды қалыптастыру. Әсіресе балалардың құқықтарын қорғау, білім беру, әлеуметтік қолдау, заң мен тәртіп, отбасы құндылықтары және өңірлердің дамуы секілді бағыттардың маңызы зор.

Бүгінгі таңда елдің болашағы туралы айтқанда, азаматтардың пікірін ескеру және қоғамның әр мүшесінің белсенділігін арттыру ерекше мәнге ие. Себебі мемлекет дамуы тек қабылданатын шешімдерге емес, сол шешімдерге азаматтардың қатысуына да байланысты.

23 тамыздағы сайлау әр азаматқа өз таңдауын жасап, қоғамдық өмірге араласуға мүмкіндік береді. Сондықтан ел болашағына бейжай қарамай, өз азаматтық құқығын пайдалану - жауапты қоғам қалыптастырудың маңызды қадамы.

Белсенді азаматтық ұстаным, өзара құрмет және ортақ мақсатқа деген жауапкершілік - елдің тұрақты дамуының берік негізі.

Даяна Рахатқызы
Алматы облысының Балалар құқықтарын қорғау басқармасының статист маманы

Другие новости

Алматы облысында жылына 400 тонна балық өндіретін кәсіпорын ашылды

Алматы облысында жылына 400 тонна балық өндіретін кәсіпорын ашылды

Алматы облысының Іле ауданында жылына 400 тонна ба...

  08.10.2026   123
В Алматинской области открыли предприятие по производству 400 тонн рыбы в год

В Алматинской области открыли предприятие по производству 400 тонн рыбы в год

В Илийском районе Алматинской области запущено пре...

  08.10.2026   134
Большая реконструкция ирригации

Большая реконструкция ирригации

Более 125 километров Большого Алматинского канала...

  08.10.2026   123
Финансовая основа государства

Финансовая основа государства

Новая Конституция закрепляет национальную валюту Р...

  08.10.2026   143
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.