Пятница, 09 Октября 2026

«Құрылтай сайлауы жоғары деңгейде өтіп жатыр»: Тәжікстаннан келген халықаралық байқаушы

«Құрылтай сайлауы жоғары деңгейде өтіп жатыр»: Тәжікстаннан келген халықаралық байқаушы

Бүгін Қазақстанда Құрылтай депутаттарының алғашқы сайлауы өтіп жатыр. Дауыс беру барысы халықаралық байқаушылардың да бақылауында. Тәжікстан Республикасының Сайлау және референдум жөніндегі орталық комиссиясының төрағасы Бахтиёр Худоёрзода сайлау үдерісінен алған әсерімен бөлісті.
Ол халықаралық байқауға қатысуға шақырғаны үшін Қазақстан тарапына алғыс айтып, биылғы сайлау науқанының елде жүргізілген конституциялық реформа аясындағы маңызына тоқталды.
«Биыл көктемде Қазақстанда конституциялық реформа жүргізілді. Ол елдің сайлау жүйесі мен заң шығарушы билігіне де қатысты. Бұл Қазақстанда мемлекеттік институттарды дамыту бағытында жүйелі әрі жоспарлы жұмыс жүргізіліп жатқанын көрсетеді», – деді Бахтиёр Худоёрзода.
Халықаралық байқаушы дауыс берудің ұйымдастырылуын жоғары бағалады. Оның айтуынша, қажетті дайындық жұмыстары жүргізіліп, сайлаушыларға сайлауды өткізу тәртібі туралы ақпарат берілген.
«Сайлаудың жоғары деңгейде өтіп жатқанын көріп отырмыз. Жоспарлы дайындық жүргізіліп, сайлаушыларды ақпараттандыру толығымен қамтамасыз етілген. Сайлауды өткізуге байланысты барлық мәселе бойынша тиісті жұмыстар жүргізілген», – деді ол.
Бахтиёр Худоёрзода өзі барған сайлау учаскелеріндегі жағдай туралы да айтып берді. Оның сөзінше, учаскелік комиссиялар азаматтардың өз таңдауын кедергісіз жасауына барлық қажетті жағдайды жасаған.
«Біздің байқауымызша, сайлаушылар өз ұстанымын ашық білдіріп, өздері лайық деп санайтын партияға дауыс беруі үшін учаскелік комиссиялар барлық жағдайды жасаған. Олардың конституциялық құқықтарын жүзеге асыруына қандай да бір кедергі келтіріліп жатқанын көрген жоқпыз», – деді Тәжікстанның Сайлау және референдум жөніндегі орталық комиссиясының төрағасы.
Ол биылғы сайлаудың конституциялық өзгерістерден және заң шығарушы биліктің жаңа моделі қалыптасқаннан кейін өтіп жатқанына байланысты айрықша маңызға ие екенін атап өтті.
Сөз соңында халықаралық байқаушы Қазақстан халқына толағай табыс тілеп, еліміздің одан әрі дамып, өркендей беруіне тілектестік білдірді.

Другие новости

Алматы облысында жылына 400 тонна балық өндіретін кәсіпорын ашылды

Алматы облысында жылына 400 тонна балық өндіретін кәсіпорын ашылды

Алматы облысының Іле ауданында жылына 400 тонна ба...

  08.10.2026   133
В Алматинской области открыли предприятие по производству 400 тонн рыбы в год

В Алматинской области открыли предприятие по производству 400 тонн рыбы в год

В Илийском районе Алматинской области запущено пре...

  08.10.2026   144
Большая реконструкция ирригации

Большая реконструкция ирригации

Более 125 километров Большого Алматинского канала...

  08.10.2026   135
Финансовая основа государства

Финансовая основа государства

Новая Конституция закрепляет национальную валюту Р...

  08.10.2026   152
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.