Қонаев қаласында облыстық жастар ресурстық орталығы және еңбек мобильдігі орталығының ұйымдастыруымен «Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі» өтті
Қонаев қаласында облыстық жастар ресурстық орталығы және еңбек мобильдігі орталығының ұйымдастыруымен «Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі» өтті.
Бос жұмыс орындары жәрмеңкесінің негізгі мақсаты – жұмыс іздеушілер мен жұмыс берушілер арасында тікелей байланыс орнату арқылы еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсынысты үйлестіру.
Шара барысында әртүрлі бағыттар бойынша бос жұмыс орындарын ұсынған 15 жұмыс беруші мекеме қатысты. Жәрмеңкеге 70 - тен астам жұмыс іздеуші келді.
Жәрмеңке қорытындысы бойынша:
* 12 азамат жұмыс берушілерге түйіндемесін тапсырды;
* 8 үміткер әңгімелесуге шақырту алды;
* 7 жас «Жастар тәжірибесі» бағдарламасына жолдама алды;
* 43 жасқа мемлекеттік бағдарлама бойынша тегін кеңес берілді.
Жәрмеңке жұмыс берушілер мен жұмыс іздеушілер арасында тікелей байланыс орнатуға мүмкіндік беретін тиімді алаң екені тағы бір мәрте айқындалды.
Облыстық жастар ресурстық орталығының жетекшісі Мақсат Кенешев «Жылдағы дәстүр бойынша облыс бойынша бос жұмыс орындары жәрмеңкесі халық көп шоғырланған алаңдарда өз жұмысын бастап жатыр. Басты мақсатымыз NEET санатындағы жастарды қамту, жұмыс беруші мен жұмысқа орналасамын деген азаматтар арасында көпір болу. Бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі түрде жыл бойы өз жалғасын табатын болады.»





