Понедельник, 27 Июля 2026

️ІЛЕ АУДАНЫНДА «БАЛАНЫ МЕКТЕПКЕ ДАЙЫНДАЙЫҚ!» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА 180 БАЛАҒА МЕКТЕП СӨМКЕСІ ТАБЫС ЕТІЛДІ

️ІЛЕ АУДАНЫНДА «БАЛАНЫ МЕКТЕПКЕ ДАЙЫНДАЙЫҚ!» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА 180 БАЛАҒА МЕКТЕП СӨМКЕСІ ТАБЫС ЕТІЛДІ

Биыл да «Баланы мектепке дайындайық!» республикалық қайырымдылық акциясы қайтадан жалғасын тапты. Оның мақсаты аз қамтылған, көп балалы, толық емес отбасылардың балаларын жаңа оқу жылына дайындауға көмектесу.

Жыл сайын акцияға бала өсіріп, мұқтаж жандарға игілікті істерін қалдырған аудан тұрғындары ғана емес, еңбек ұжымдары, игі істердің қазынасына өз үлестерін қосып жүрген кәсіпкерлер де қатысады.

«AMANAT» партиясы Іле аудандық филиалының ұйымдастыруымен  трансферттік төлемнен қайтарылған 20 пайыз қаржыға «AMANAT» партиясының «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында жаңа оқу жылына орай аз қамтылған көп балалы отбасыларды аранйы бастауыш партия ұйымының төрағалары мерекемен құттықтады. Балаларға мектепке қажетті кеңсе тауарларға толы сөмкелер табыстады.
«Жаңа оқу жылына барлық бүлдіршіндер дайын болуы қажет. Партия бастамасымен жыл сайын өткізілетін бұл акцияның басты мақсаты – көп балалы және аз қамтылған отбасылардағы балаларды жаңа оқу жылына дайындауға көмектесу. Егеменді еліміздің ертеңгі болашағы жас ұрпағымыздың біліміне байланысты», - деді Алмасбек Сатибаев.
– Партияның акциясы аясында бүгінге дейін Алматы облысында 3  мыңнан астам балаға осындай сый-сияпаттар табыс етілді. Мақсатымыз – балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, қамқорлық көрсету. Осы қамқорлықты сезіне отырып, сабақта озат болуларына тілектеспін, – деді «Байкент» БПҰ – ның төрағасы Сакен Жансаров.

Другие новости

Миссия добрых сердец

Миссия добрых сердец

Южнокорейская клиника Hyundae Hospital совместно с...

  21.07.2026   319
Жыл басынан бері 14 мыңнан аса адам жұмыспен қамтылды

Жыл басынан бері 14 мыңнан аса адам жұмыспен қамтылды

Жыл басынан бастап облыс бойынша барлығы 14 471 жа...

  20.07.2026   345
Контроль коммунальных тарифов

Контроль коммунальных тарифов

В первом полугодии 2026 года жителям Алматинской о...

  17.07.2026   583
В Казахстане наблюдается сезонное снижение цен

В Казахстане наблюдается сезонное снижение цен

По состоянию на 15 июля 2026 года, за отчетную нед...

  17.07.2026   457
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.