Четверг, 08 Октября 2026

Қонаев қаласында интернет-алаяқтықтың алдын алу бойынша профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Қонаев қаласында интернет-алаяқтықтың алдын алу бойынша профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді

«Заң мен Тәртіп» қағидаты аясында Қонаев қаласы Полиция басқармасының қызметкерлері қала аумағында интернет-алаяқтықтың алдын алу мақсатында қоғамдық орындарда профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Азаматтарға қазіргі уақытта кең таралған қылмыс түрі – интернет және байланыс құралдары арқылы жасалатын алаяқтық екені түсіндірілді. Алаяқтар өздерін банк, құқық қорғау органдары және мемлекеттік мекемелердің қызметкері ретінде таныстырып, WhatsApp және Telegram арқылы азаматтарды алдап, қаражатын иемденетіні айтылды. Құқық қорғау органдары (ІІМ, ҰҚК, прокуратура) мессенджерлер арқылы қызметтік қоңырау шалмайтыны, ресми байланыс тек шақырту, ресми хабарлама немесе мекемеге шақыру арқылы жүзеге асатыны ескертілді. Азаматтарға келесі сақтық шаралары ұсынылды: – SMS-кодтар мен банк деректерін үшінші тұлғаларға бермеу; – күмәнді сілтемелерді ашпау; – белгісіз қосымшаларды орнатпау; – ақпаратты ресми дереккөздер арқылы тексеру. Жүргізілген шаралар азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және интернет-алаяқтықтың алдын алуға бағытталған.

Другие новости

«Закон и порядок»: безопасность в отопительный сезон

«Закон и порядок»: безопасность в отопительный сезон

С наступлением отопительного сезона особое внимани...

  08.10.2026   125
Шанс на свободу

Шанс на свободу

За девять месяцев в Алматинской области 371 осужде...

  07.10.2026   175
«Қауіпсіз үй»: в городе Алатау Алматинской области проводится профилактическое мероприятие

«Қауіпсіз үй»: в городе Алатау Алматинской области проводится профилактическое мероприятие

В городе Алатау Алматинской области с 5 октября по...

  07.10.2026   167
Здоровая привычка семьи

Здоровая привычка семьи

Дети воспринимают поведение взрослых гораздо внима...

  07.10.2026   125
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.