Четверг, 08 Октября 2026

«Заң мен тәртіп» аясында спорттық бәсекелестік

«Заң мен тәртіп» аясында спорттық бәсекелестік

Іле ауданында бұқаралық спортты дамыту және жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында футболдан аудан чемпионаты жалғасуда. Жарыс «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында ұйымдастырылып, спорт арқылы тәртіптілікке, жауапкершілікке және өзара сыйластыққа үндейді.

15 тамыз күні чемпионаттың 14-тур ойындары өтті. Ауданның әр елді мекенінде футбол жанкүйерлері бас қосып, командалар тартысты ойын көрсетті.

14-турдың қорытындысы бойынша «Қараой» командасы «Ақшиді» 2:1 есебімен жеңді. «Боралдай» мен «Өтеген батыр» арасындағы кездесуде қонақтар 7:1 есебімен басым түсті. «Ащыбұлақ» командасы «Ақсайдан» 1:2 есебімен жеңілді. Ал «Байкент» пен «Асқар Тоқпанов» командалары арасындағы тартысты ойында «Асқар Тоқпанов» командасы 2:1 есебімен жеңіске жетті.

14-турда «Байсерке» командасы демалды.

Футбол чемпионаты аудан тұрғындарын спортқа белсенді араласуға, бос уақытын тиімді өткізуге және жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттауға мүмкіндік беріп отыр.

Спорт — денсаулық кепілі ғана емес, тәртіп пен жауапкершілікті қалыптастыратын маңызды құрал. Осы бағыттағы іс-шаралар «Заң мен тәртіп» қағидаттарын нығайтып, қоғамдағы бірлік пен өзара құрметті арттыруға ықпал етеді.

Іле ауданындағы футбол чемпионаты алдағы турларда да жалғасып, командалар жүлделі орындар үшін өзара бәсекені жалғастырады.

Другие новости

«Закон и порядок»: безопасность в отопительный сезон

«Закон и порядок»: безопасность в отопительный сезон

С наступлением отопительного сезона особое внимани...

  08.10.2026   104
Шанс на свободу

Шанс на свободу

За девять месяцев в Алматинской области 371 осужде...

  07.10.2026   169
«Қауіпсіз үй»: в городе Алатау Алматинской области проводится профилактическое мероприятие

«Қауіпсіз үй»: в городе Алатау Алматинской области проводится профилактическое мероприятие

В городе Алатау Алматинской области с 5 октября по...

  07.10.2026   166
Здоровая привычка семьи

Здоровая привычка семьи

Дети воспринимают поведение взрослых гораздо внима...

  07.10.2026   123
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.