Понедельник, 05 Октября 2026

ІЛЕ АУДАНЫНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

ІЛЕ АУДАНЫНЫҢ БАС  ДӘРІГЕРІ  МАРАПАТТАЛДЫ

«AMANAT» партиясы денсаулық сақтау саласының бүгіні мен келешегі туралы ашық әңгімелесу мақсатында еліміздің барлық өңіріндегі 600-ден астам дәрігердің, медбикелердің, ғалымдардың, медициналық ұйымдар басшыларының және сарапшылардың басын қосты. 
Айтулы мереке аясында Іле аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері, «Іле аудандық орталық ауруханасы» бастауыш партия ұйымының төрағасы Айдар  Солтанғазиевке  партия Төрағасы Ерлан Қошанов «Белсенді қызметі үшін» төсбелгісін табыстады. 
Мәжіліс Спикері, «AMANAT» партиясының Төрағасы Е.Қошанов медицина қауымдастығының өкілдері «AMANAT»-тың маңызды тірегі екенін атап өтті. Себебі әрбір үшінші медицина қызметкері – партия мүшесі.
«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, медицина қызметкерлері, бейбіт күннің батырлары деген атқа лайық. Бүгінде отандық медицина жарқын нәтиже көрсетуде. Біздің дәрігерлеріміз санаулы мемлекетте ғана қол жетімді ең күрделі трансплантациялық оталар жасайды. «AMANAT» партиясымен бірге алға қойған арман-мақсаттарыңызға жетіп, азаматтарымыздың денсаулығы мен тұрмысын жақсарту жолында қалтқысыз қызмет етіп келесіздер. Бұл – біз үшін аса маңызды», – деді Е.Қошанов.
Партия қатарындағы әріптестерімізді иеленген марапаттарымен құттықтаймыз. Бұл  олардың ел игілігі жолындағы еселі еңбектерінің, жоғары жауапкершілік пен адалдық танытқан қызметтерінің айғағы деп білеміз. Алдағы уақытта да медицина саласындағы партия мүшелерінің ел игілігі үшін қызмет етіп, кәсіби биіктерден көріне беруіне тілектестік білдіреміз..

Другие новости

Форпост сельского здоровья

Форпост сельского здоровья

В сельском здравоохранении качество медицинской по...

  02.10.2026   204
Алматы облысында туберкулезге шалдыққандар саны 27 пайызға азайды

Алматы облысында туберкулезге шалдыққандар саны 27 пайызға азайды

Алматы облысында туберкулезден болатын өлім-жітім...

  01.10.2026   206
Главные правила лечения при ОРВИ

Главные правила лечения при ОРВИ

Каждый год с наступлением холодов перед родителями...

  26.09.2026   424
«Я горжусь тем, что помогаю людям»

«Я горжусь тем, что помогаю людям»

Почти сорок лет назад Бибигуль Шонбаева приехала в...

  26.09.2026   381
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.