Четверг, 07 Мая 2026

«АЯУЛЫ АНА» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫ

«АЯУЛЫ АНА» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тəуелсіздік бəрінен қымбат» атты бағдарламалық мақаласын ардақты аналарымыз, іскер әйелдер, еліне сыйлы, еріне адал қазақ ханымдары арасында кеңінен насихаттау мақсатында «Жаңа Қазақстан» республикалық инновациялық орталығының ұйымдастыруымен өтетін «АЯУЛЫ АНА» атты республикалық байқауына қатысуға шақырамыз! 

Іс-шараның мақсаты: Тәуелсіздік жылдары өз мамандығының хас шебері атанып, еліміздің дамуына үлес қосып жүрген аналарымызды қоғамға кеңінен насихаттау, жастарға үлгі ету. 

Байқаудың шарттары: 

Байқау екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезең бойынша қатысушы өзі жайлы жазылған 2 беттен (14 кегл, Times New Roman) артық емес өмірбаянын жолдауы қажет, сондай-ақ өмірбаяндағы жеткен жетістіктерін растайтын құжат көшірмелері (мысалы: алынған алғыс хат, диплом, медаль және т.б.) қоса тіркелуі тиіс. Құжаттар ruhany.jangiru.17@bk.ru электронды почтасына 2025 жылдың ақпан айының 16-на дейін қабылданады. 

Байқау қатысушыларына: 

  • Арнайы тағайындалған «АЯУЛЫ АНА» атты ордені; 

  • Орденді куәландыратын КУӘЛІК; 

  • ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫ беріледі; 

  • Қатысушыға қолдау көрсеткені үшін мекеме басшысының атына АЛҒЫС ХАТ беріледі. 

 

Байқаудың марапаттау рәсімі Астана қаласында конференция түрінде өтеді. Қорытынды конференция бағдарламасы іріктеліп алынған қатысушыларға жіберіледі. Қорытынды конференция бағдарламасында қоғам қайраткерлерінің, танымал тұлғалардың қолынан орден және арнайы марапаттар табысталады. 

Ұйымдастыру алқасының сайты: https://bilim-ork.kz/

Электронды почта: ruhany.jangiru.17@bk.ru 

Инстаграм паракшасы: @bilim_orkenietі_ 

Ұйымдастыру алқасы: +7 747 628 8054, +7 702 986 6405

 

ӨТІНІШ КЕСТЕСІ ӨМІРБАЯНМЕН БІРГЕ ЖІБЕРІЛУІ ҚАЖЕТ

Қатысушының тегі, аты-жөңі 

 

Облыс, қала, аудан, ауыл атауы 

 

Қызмет орны, лауазымы 

 

Байқау атауы 

«АЯУЛЫ АНА» 

Телефон, ұялы, е-mail.ru 

 

Сапалы түрлі-түсті ¾ фотосы 

 

Другие новости

В округе думают на шаг вперед

В округе думают на шаг вперед

Бесагашский сельский округ Талгарского района расп...

  29.04.2026   508
Бережливость как основа благополучия

Бережливость как основа благополучия

В Кегенском районе прошла встреча, посвященная про...

  27.04.2026   747
В ответе за будущее страны

В ответе за будущее страны

Сегодня Казахстан вступает в новый исторический пе...

  26.02.2026   7277
Будущее начинается с дома

Будущее начинается с дома

В селе Бесагаш Талгарского района в средней школе...

  24.02.2026   7255
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.